Қырғызстанда халықаралық террористік ұйымның мүшесі ұсталды.
ТМД елдерінің бірінде теракт жасамақ болған күдікті ұсталды
Caspianlife
469
оқылды

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі жазғандай, ұсталған адам жасырын топтың құрамында ТМД елдерінің бірінде террористік актіні ұйымдастыруға дайындалды деп күдіктенеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Ол Telegram-дағы жасырын аккаунттар арқылы әрекет етті. Оны халықаралық террорлық ұйымның бірінің эмиссарлары үйлестірді. Қылмыс жасамас бұрын Н.Р. топ жетекшісіне адал болуға ант берді», – делінген хабарламада.

Комитет мәліметінше, арнайы қызметтермен халықаралық террористік ұйымның басқа қатысушыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.