Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев аталған жағдайға қатысты пікір білдірді.
Тағы бір теннисші Олимпиада ойындарына қатыспайтын болды
Фото: ҚТФ
814
оқылды

Юлия Путинцева Париж Олимпиадасына  қатыспайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Теннис федерациясының мәліметінше, Путинцева Парижге ұшып келіп, белсенді түрде жаттыға бастаған  болатын.  Алайда украиналық Марта Костюкпен болатын матч алдындағы дайындықта қазақстандық спортшы тізесін ауыртып алды. Медициналық тексеруден өткен соң турнирден бас тарту туралы шешім қабылданды. 

Айта кетелік, бұған дейін  де Юлия тізесіндегі жарақатын  айтып, шағымданған болатын. 

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев аталған жағдайға қатысты пікір білдірді. 

«Париж Олимпиадасы біз үшін сынақпен басталуда. Алдымен Елена Рыбакина сырқатына байланысты  бас тартса, бүгін  Юлия Путинцева жарақатына байланысты жарысты тоқтатты. Екі спортшыға да үлкен үміт артқан едік, өкінішті», - деді Досқараев. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.