Финалда Елдос Сметов татами иесі, франциялық Лука Мхидземен белдеседі.
Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалына шықты
Фото: Сали Сабиров
830
оқылды

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жартылай финалда Елдос әлем әрі Еуропа чемпионы, испаниялық Франсиско Гарригосты ұтты.

Кездесу қосымша уақытқа дейін жалғасып, Сметов "иппон" ұпайымен жеңіске жетті. 

Финалда Елдос Сметов татами иесі, франциялық Лука Мхидземен белдеседі. 

Бұл Елдостың Олимпиада ойындарындағы екінші финалы. Бұған  дейін  ол Рио Олимпиадасында күміс медаль иеленген. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.