Партиялық бақылау жұмысы жақсарады
Партиялық бақылау жұмысы жақсарады
280
оқылды

Алматы облыстық партия филиалында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, Сыбайлас жемқорлықпен күрес іс-қимылы жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Мұқанов, Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Жеңіс Андабеков және комиссия мүшелері мен партиялықтар қатысты.

Талқылауда Алматы облысы Жамбыл және Панфилов аумақтық партия фи­лиал­дары бойынша партиялық бақылауды ұйым­дастыру және ішкі партиялық тәр­тіпті күшейту жұмыстары мен аумақтық партия филиалы төрағаларының есептері тыңдалды.

Алдымен Мемлекеттік қызметтер бас­қар­масының басшысы Жеңіс Андабеков баяндама жасады. Оның айтуынша, аудан-қалалардағы экономикалық бел­сенді тұрғындардың ішіндегі партия мү­ше­лерінің үлес салмағы облыста 11 пайыз­ды құрайды. «Құтты мекен» партиялық жо­басының жүзеге асырылуы бойынша об­лыста 38 нысан бақылауға алынған.

– Мемлекеттік органдар алдында жыл соңы­на дейін мемлекеттік қызметтердің элек­тронды нысанда көрсетілуін 80%-ға жеткізу міндеті қойылды. Осыған бай­ла­ны­сты, барлық мемлекеттік органдарда, бі­лім беру мекемелерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын құру тапсырылған бо­латын. Бүгінде Панфилов ауданы бойын­ша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыш­тарымен қамтылу деңгейі 63,07 %, Жам­был ауданы бойынша өзіне-өзі қыз­мет бұрыштарымен қамтылу деңгейі 40,45% құрайды, – дейді Ж.Саятбекұлы.

Отырыс барысында Жамбыл және Панфилов аудандық партия фи­лиал­дары­ның төрағалары атқарылған жұмыс тура­лы есептерін оқыды. Баяндамашылар тал­­қылаудан соң орын алған кемшіліктерді түзетуге уәде берді.

– Панфилов аудандық қоғамдық қа­был­дау бөлмесіне 2019 жылдың бірінші жар­тыжылдығында 127 өтініш түсті. Осы өті­ніштердің 25 пайызы толық шешілген, құ­жат рәсімдеу мен Мемлекеттік атаулы әлеу­меттік көмек бойынша 32 өтінішке то­лық жауап қайтарылды. Қалған 70 өті­ніш­ке құқықтық кеңестер берілді, – деп түйіндеді баяндамасын Панфилов аудан­дық партия филиалы төрағасы Темірлан Бектасов.

Өз кезегінде партиялық бақылау ко­мис­сиясының төрағасы Ермек Келемсейіт те партиялық жұмыстарды жақсарту мақ­сатында бірқатар ұсыныстарды атап өтті. Соның ішінде «Құтты мекен» партиялық жо­басы аясында атқарылатын жұмыс­тар­ды жандандыру, нысандарды бақылауға алу мәселесіне ерекше тоқталды. Со­ны­мен қатар мемлекеттік бағдарламаларды жү­зеге асыру үшін бөлініп жатқан қар­жының тиімді әрі мақсатты түрде жұм­салуын қадағалау мақсатында аумақтық партия филиалдарының комиссия оты­рыстарында жауапты мекеме басшы­лары­ның есебін тоқсанына бір рет тыңдау мін­деттемесін жүктеу қажет екенін айтты. Ұсы­ныс шеңберінде өз-өзіне қызмет көр­сету бұрыштарының толық көлемде ашылуын қамтамасыз ету және тұрғындар ара­сында мемлекеттік қызметтерді алу тәр­тібі, рәсімі, мерзімдері туралы ақпа­рат­тық насихат жұмыстарын күшейту мә­селелері де қамтылды.

Отырыс соңында анықтамада көр­сетілген кемшіліктер назарға алынып, пар­тиялық бақылау жұмысын күшейту тап­сырылды.


Әбілмансұр ЖАСАН