Жеңімпаз жоба
Жеңімпаз жоба
375
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында «Үздік әлеуметтік жобалар – 2019» байқауының жеңімпаздары анықталды. Құрамына әр саланың мамандары кіретін аумақтық және өңірлік комиссиялар байқаудың облыстық кезеңіне қатысуға ниет танытқан 13 өтінімді қарап, соның ішінде 4 ба­ғыт бойынша төмендегі жобалар үздік деп танылды.

Шарада сөз сөйлеген Nur Otan партиясының Шы­ғыс Қазақстан облыстық филиа­лы төрағасының бірінші орын­­басары Әнуарбек Мұх­тарха­нов Қазақстанда әлеу­мет­тік жобаларды жүзеге асыру­дың көмегімен өмірдің қиындықтарына тап болған азаматтарға, көмекке зәру жандарға көмек пен қолдау көрсетіліп жатқанын айтты.

– «Үздік әлеуметтік жоба­лар» байқауы 2014 жылдан бері Nur Otan партиясының қолдауымен жүзеге асырылып келеді. 2018 жылдан бастап байқау аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жобалар ұйымдастыруға баса назар аударыла бастады. Бай­қаудың негізгі мақсаты –азаматтардың өздеріне деген сенімділігін және табысқа жетуге деген ұстанымдарын қалыптастыру, – деді Ә.Мұхтарханұлы.

Байқау қорытындысы бойынша «Өмірлік қиын жағдайларды жеңуге кө­мек көр­сету» бағытында «Ғажайыптар елі» оңал­ту және дамыту орталы­ғы­­­ның жетекшісі Лилия Мамбурова жеңімпаз атанды. «Мүмкіндігі шектеулі адам­дар­ды қоса алғанда, аза­мат­­тарды жұмыспен қам­туға жәр­демдесу» бағыты бойын­ша «Дәрмен» әлеуметтік-оңал­ту орталығы «Зайсан жас­­тары» қоғамдық бірлес­тігі­нің жетекшісі Жансая Мұстабекова үздік деп та­ныл­ды. «Әлеуметтік сала­да­­ғы волонтерлік қозғалыс­ты дамыту» бағыты бойын­ша «Өскемен – Асар» автоволон­тер­лері жобасының авторы Анна Мазаева жеңіске жет­ті. «Тең мүмкіндіктерді қамта­масыз ету» бағыты бойынша «Барлығына қолжетімді мек­теп» жобасының жетек­шісі Ирина Ляховская мара­пат­талды.

– «Мүмкіндігі шектеулі адам­дарды қоса алғанда, аза­маттарды жұмыспен қам­туға жәрдемдесу» бағыты бойын­ша жобамызды ұйым­дастырушы тарап жоғары бағалап, жеңімпаз деп таны­ға­ны үшін қуаныштымыз. Осын­дай байқаулар біздің жұмы­сы­мызға тың серпін береді, – дейді «Дәрмен» әлеуметтік-оңалту орталығы «Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігі жобасының авторы Жансая Мұстабекова.

Жеңімпаздарға Nur Otan партиясының Шығыс Қа­зақстан облыстық филиа­лы­ның атынан алғысхаттар мен бағалы сыйлықтар табыс­талды.