Дүниежүзіне белгілі саясаткерлер мен бизнес өкілдері бас қосатын дәстүрлі экономикалық форум Давоста өтті. Жыл сайын өтетін форумда болған басты оқиғалардың қатарында адамзаттың технологиялық болашағын талқылау да болды.
Париждегі ең әйгілі мейрамханалардың бірі Ла Тур д'Аржент (La Tour d'Argent) қайта жөндеуден кейін ашылды. Аңызға айналған көп тарихи оқиғалар осы мейрамханамен байланысты. 300 000 бөтелкелі шарабы бар жертөле де осында.
Ірі смартфон өндірушілер арасында бәсекелестік жылдан-жылға күшейіп отыр. Технологиялық алпауыттар 10-14 айда жаңа модельдер ұсынып, тұтынушыларын қызықтыруда.
АҚШ-тың Филадельфия штатында да қызылшамен ауырған балалардың саны күрт өскен. Науқастардың көпшілігі қызылшаға қарсы екпе алмаған.
Төрт адамнан тұратын жеке миссия ғарыш стансасына ұшуға дайындалуда. Оның құрамында Түрік елінің азаматы да бар. Axiom 3 миссиясы 30-дан астам эксперимент жасайды.
Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы жіберген деректер мен суреттер міндетті түрде ғалымдардың арасында пікірталас туғызады. Жақында телескоп бөтен планетадан тіршілік көзін тапты деген жаңалық тарай бастады.
Жылда өтетін табиғат көріністерінің байқауының бір топ жеңімпаздары анықталды. Олардың арасында таңғаларлық суреттер де бар. Төмендегі топтамада үздік деген суреттер ұсынылған.
Сібір жерінің мәңгі тоңында пайда болған бұл кратерлер ғалымдарды таңғалдыруда. Кратерлердің тереңдігі 50 метрден асады, ені 20 метрге жетеді. Олардың айналасында жүздеген метрге дейін жер қойнауынан шыққан тау жыныстары шашылған.
Байлардың да жайлы үйлерін тастап қашатын кездері болады. Лос-Анджелестің ең бай тұрғындары бірнеше миллион доллар тұратын үйлерінен бас тартып, басқа жерлерге көшуде.
Автомобиль индустриясы түбегейлі өзгерістер кезеңіне өткенге ұқсайды. Кеше ғана смартфон мен аккумулятор шығаратын компаниялар енді жеңіл көліктер жасай бастады.
Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) жаңа болжамына сәйкес жасанды интеллект барлық жұмыс орындарының 40%-ына әсер етеді. Экономистер ЖИ адамдар арасындағы теңсіздікті күшейтеді деп алаңдауда.
Күнделікті тұтынатын судың құрамы туралы көпшілік ойлана бермейді. Пластик бөтелкелерге құйылған судың тазалығын ғалымдар тексеріп, онда қандай бөлшектер болатынын анықтады.
Ғарыш кемесі Ио бетіне 1500 км қашықтыққа жақындады, бұл 20 жылдан астам уақыт ішінде Юпитердің жұмбақ серігіне ең жақын барған ғарыш кемесі. Оның бетіндегі жанартаулардың атқылауынан пайда болған көптеген жарық ғалымдардың таңданысын туғызуда.
Қазір алыстағы Марсты америкалық бір ғана аппарат кезіп жүр. Ол қызыл планетаның топырағын зерттеп, құрамын анықтап Жерге мәліметтер мен өзі түсірген суреттер жібереді. Адам баласының қызыл планетаға қондырған ровері зерттеуін жалғастыруда.
Адамды қоршаған бактериялар қазіргі антибиотиктерге бейімделіп, төзімді бола бастады. Денсаулық сақтау ұйымдары мұны жаһандық проблема деп отыр. Ғалымдар супербактерияларды бірден жойып жіберетін күшті полимерлер тапты.