Жасыл экономика көшін бастайтын елдер арасында бәсеке қызу жүруде. Көптеген трансұлттық компаниялар бұл бағытта таза энергияға көшу мақсаттарына жетуге белсенді қимылдауда.
2024 жыл NASA-ның Күнді зерттеуі табысты болмақшы. Ғарыш агенттігі күн зонды миссиясына сәйкес, Parker Solar ғарыш кемесін «Күнге қондыруды» жоспарлап отыр.
Күнде бірнеше рет инсулин салатын қант диабетімен ауыратын адамдар үшін жағымды жаңалық тарады. Енді инсулинді күнде салудың қажеті жоқ, ғалымдар аптасына бір рет қана салынатын smart инсулинді сынақтан өткізуді бастады.
Қытайлық BYD компаниясы әлемдегі ең ірі электр көлік өндірушісі деген атақты алуға жақын қалды. Бұған дейін бұл атаққа Илон Масктың Tesla компаниясы ие болып келген.
Беделді The New York Times басылымы ChatGPT-ді авторлық құқықты бұзды деп айыптады. Танымал чат-бот қолданушылардың сұрауына беделді газетте жарияланған мақалаларды қолданып жауап беретіні анықталды.
Солтүстік Атлант мұхитының түбінде динозаврларды жойып жіберген астероидтың соғылуынан пайда болған кратер табылды. Ені 400 метрлік астероид Жермен соқтығысқанда биіктігі 900 метрлік цунами пайда болған. Мұндай цунами үлкен құрлықты шайып жіберуге қауқарл...
АҚШ-та және шетелде ірі технологиялық компаниялардың қызметінің қауіпсіздігіне қатысты талаптар күшейтілуде. Адамның жеке өмірін бақылау, оның қандай интернет сайттарға кіретіні, қандай қызметтерді қолданатыны үлкен қаржы табу көзіне айналды. Жеке өмірдің...
Климаттың өзгеруінен полюстердегі мұздықтар жылдам ери бастады. Еріген су әлемдік мұхиттың деңгейін көтереді. Мұхит жағалауында орналасқан мемлекеттер үшін бұл қауіпті дейді ғалымдар.
Автокөлік дизайнындағы ең заманауи тренд сәулет өнеріне ауысқан сияқты. Bentley, Porsche, Lamborghini және Aston Martin компанияларының жоғары профильді жобаларынан кейін Mercedes-Benz те үй салумен айналысатын автокөлік компаниясына айналды.
Тағы бір ірі америкалық компанияға қатысты шу шықты. Дәмді кофе жасайтын Starbucks желісі тұтынушыларды алдап келген деген айыптар айтылуда.
Адамның көмекшісі бола алатын жасанды интеллект жүйелері 2024 жылдан бастап қолжетімді бола бастады. Microsoft корпорациясы бұрын ақылы болып келген соңғы үлгідегі генеративті ЖИ қолданбасын Android үшін де, iOC (iPhone) үшін де тегін таратуда.
Әлемде үздік фотосуреттерге жыл сайын байқаулар өткізіледі. Кәсіби фотографтардан бастап әуесқойлар да өздерінің сәтті түсірілген фотоларын байқауға ұсынады. Оның ішінде таңғаларлық жауһарлар да кездеседі.
Бүгінге дейін екі тілде сөйлейтін, бірін-бірі түсінбейтін адамдарға аудармашы керек болды. Енді аудармашының орнына телефонды қолдануға болады. Бұл адамдар арасындағы коммуникацияны мүлдем басқа деңгейге шығарады.
Әрбір елдің, ұлттың өзіндік ерекшеліктері интернетті қолданудан да көрінеді. Ол ерекшеліктер Google-да жасалған сұраулардан да жақсы байқалады.
Айға өздерінің миссияларын жіберген, онда кемелерін қондырып зерттеген әлемде 4 мемлекет бар. Солардың қатарына қаңтар айында бесінші болып Жапония кіруі мүмкін.