Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Жетісу облыстық филармониясына Қазақстанның Халық әртісі Дәнеш Рақышевтың есімі берілді. Сондай-ақ әншінің Талдықорғанда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.
Мәжілістің осы аптадағы кезекті жалпы отырысының бюро ұсынған күн тәртібі тақырыптарының санымен де, алуандығымен де ерекше болды. Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жиында 12 мәселе қаралды.
Алдағы жылы болатын Аустралия ашық чемпионатына еліміздің атынан Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова қатысады. Жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» турнирі 20-27 қаңтар аралығында өтеді.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар ақпараттық қауіпсіздік туралы, Салық кодексіне және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарды қарады. Сондай-ақ олар депутаттық сауа...
Соңғы бес жылда Маңғыстау облысына 3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, өңір экономикасының серпінді дамуына септесті.
Түркістан – тоғыз жолдың торабында орналасқан аймақ. Халқы тығыз орналасқан өңірде тіршілік қашан да қайнап жатады. Дегенмен қазіргі таңда Түркістан облысының бюджеті толықтай республикалық бюджет трансферттеріне тәуелді.
Бір кездері дүниежүзіне Еуропадағы үш ірі өзеннің бірі ретінде танылған Жайық өзенінің күн санап тартылып бара жатқаны қазір жаңалық болмай қалды. Тартылуы салдарынан бара-бара Жайық өзенінің ұзындығы қысқарып қалуы мүмкін.
Биылғы 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енгені белгілі. Оның шеңберінде елімізде Еңбек мобильділігі орталықтары құрылды, ал халықты Жұмыспен қамту орталығы, Мансап орталығы болып қайта құрылған болатын. Біз облыс орталығындағы Еңбек мобильділігі...
Технократтар заманында түрлі кеселдің алдын алуға, науқасқа уақытылы ем-дом шараларын көрсетуге арналған медициналық мүмкіндіктер артып келеді. Әлемді жаулаған өзекті мәселені шешуге енді қазақстандық жас ғалымдар да қол ұшын созбақ.
Қандай күйзелісті кезеңде де мемлекет алдында тұратын басты міндет – халықты тамақтан тарықтырмау болса керек. Алайда дүкенге бас сұққан бұқара одан ұнжырғасы түсіп оралады: азық-түлік тоқтаусыз қымбаттауда.
Ел аумағына көгілдір отын жеткізу көлемі 60%-ға жетті. Ресми статистика көрсеткендей, газбен қамту көрсеткіші 2018–2022 жылдар ішінде 49,7%-дан 59%-ға жылжыған. Үкімет биыл 160 мыңдай тұрғын аталған отын түріне қол жеткізіп, халықтың 60%-ы (11,8 млн адам)...
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбемен келіссөз жүргізді.
Қазір көшеде жастарға сұрақ қойып, дұрыс жауабын тапқандар үшін ақшалай сыйлық ұсынып жүрген кәсіпкер мен блогер көбейді.
«AMANAT» партиясының ауылдық жерлердегі халықтың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы аясында сыр өңіріне биыл 3 млрд теңге қаражат бөлінген болатын. Бағдарламада негізгі 5 бағыт бойынша 600 жобаға қолдау көрсету қарастырылған.