Әйгілі норвегиялық философ, жазушы, Берген университеті философия кафедрасының профессоры Ларс 2004 жылы «Философияның философиясы» атты еңбегін жариялады. Кітап оқырман арасында кеңінен талқыланып, дискурсқа түсті.
Кеңес Одағы уақытында тарихымыз талай бұрмалауға ұшырады. Азаттықты аңсаған арыстарымыз атылды. Аты аталмайтындай дәрежеге жеткізіпті. Елім, жерім деген ерлер есіл кетті. Халықтың жадында сақталған Тәттімбет күйші ғана емес, металлург те болған еді...
Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникация қызметі алаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг өткізді. Есептік баяндамасы аяқталғаннан кейін Марат Сұлтанғазиев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жа...
Батыс Қазақстан облысы – еліміздегі экономикалық әлеуеті үлкен, дамыған индустриялық-аграрлық өңірлердің бірі. Сөзіміз дәлелсіз болмасын, сандарды сөйлетсек...
Жаңа жылда еңбекті қорғау саласында маңызды жаңалық болғалы тұр. Сарапшылар соның арқасында ауыр әрі зиянды жұмыс істейтін адамдар бейнетінің зейнетін ерте көре алатынын айтады. Сонымен бірге бұл зейнеткерлікке шығудан да тиімді, тартымды болатын түрі бар...
Өзбекстанда сиыр малының жалпы саны 13,9 млн басқа жетті. Бұл туралы қазан айында kun.uz порталы хабарлады. Көрші елдегі осыншама мал басының 91,3%-ы жеке қораларда бағылып отырса, қалғаны – фермерлік шаруашылықтардың иелігінде.
Ақпарат ағымымен қоғамның жүгін арқалаған бұқаралық ақпарат өкілдеріне қатысты күні кеше Мәжілісте Мемлекет басшысының бұқаралық ақпарат құралдары заңнамасын қайта қарау туралы тапсырмасын орындау аясында әзірленген «Масс-медиа туралы» заң жобасы бірінші...
Әлемнің жетекші ғалымдарының пікірінше, радиология ғылымының келешегі фантастика әлемімен шектесуге сәл қалып тұр. Келешекте радиолог ғалымдар сәулелі диагностика мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін ұштастыру арқылы адам нанғысыз табыстар мен жаңалықтарғ...
Соңғы жылдары халықтың салт-дәстүрлері түрленіп, рухани ұстанымдарымыз өзгеріп жатқанын жоққа шығармаймыз.
Елімізде шаруаларға субсидия беру жүйесінің басынан шу арылмай-ақ қойды. Соңғы екі жылда ол тіптен үдеп барады. Мұндағы тоқырау пандемиядан кейінгі антикордың кең көлемдегі тексерісінен басталды деуге болады.
Қазақстанда өрттің кесірінен қара жамылатын отбасылар саны азаймай-ақ тұр. Бейсенбіде тілсіз жау тағы 13 адамның өмірін жалмады.
Өкінішке қарай, төңіректе Қазақстанның аумақтық тұтастығына көз алартып, іштарлық қылатындар әлі де бар.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев климаттың өзгеруіне қатысты БҰҰ-ның Дубайдағы конференциясы аясында өтіп жатқан Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөз сөйледі.
Алматы қаласына 55 троллейбус жеткізілді, оның 19-ы №1, №9, №12, №5, №11, №25, №7, №19, №6 бағыттарға берілді. Қала әкімдігінің хабарлауынша, көрсетілген бағыттар бойынша тағы 17 жаңа троллейбус қосылған.
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.