Батыс Қазақстан облысында су тасқынының салдарын жою жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Аймақта қарғын судың әлегі наурыз айының аяғында басталған болатын.
Маңғыстауда ауызсу мәселесі шешімін таба бастады. Ақтаудың іргесіндегі Сайын Шапағатов ауылында сайлауалды бағдарлама аясында салынған су тұшыту қондырғысы іске қосылды.
Күрес түрлерінен Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатқан 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық балуан Шәміл Досбол жеңіс тұғырынан көрінді.
Солтүстік Қазақстан облысындағы аутизм орталығында кезек мәселесі әлі де өзекті боп қалып тұр.
Мәжілісте палата вице-спикері Альберт Раудың төрағалығымен мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және экспорттауды дамыту мәселелері туралы Үкімет сағаты өтті. Тақырып жөнінде Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндама жасады.
Қазақстандық сұрмергендер алғаш рет әлем кубогында топ жарды. Садақ ату бойынша дүниежүзілік додада Түркияның Анталья қаласында өтіп жатыр.
«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері бойынша өңірлік кеңестің отырысы өтті.
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Бұған дейін жазғы Олимпиялық ойындарға лицензияны жеңіп алған Қазақстан құрамасының дзюдошысы 63 келі салмақтағы Есмигүл Куюлова жекелей сында күресетін болады. Мұндай шешімді халықаралық дзюдо федерациясы қабылдады.
«АМАNАТ» партиясының Төрағасы, Парламент Мәжілісінің Cпикері Ерлан Қошанов партияның сайлауалды уәделерін орындауда аманаттық депутаттар әкімдіктермен өзара тиімді қарым-қатынас жасауға тиіс екенін айтқан болатын.
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Үндістан Республикасының Сайлау жөніндегі бас комиссары Раджив Кумармен кездесті.
Еуропа чемпионатының алғашқы аптасы аяқталды. Осы уақыт аралығында Англия құрамасын көргенде бас шайқап, Испанияның ойынына қол соқтық.
Дамушы елдер қатары индустриялық экономиканы қалыптастырып үлгермей жаһандық нарықта цифрлық экономика өз ережелерін енгізе бастады.
Қазақстан посткеңестік кеңістікте «№1 елге» айналды. Бірақ бұл мақтаныш тудыратын жайт емес: республика такси тасымалы тарифінің қымбаттығы жөнінен ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты.
Жыл басынан бері елімізде көкжөтел ауруы өршіді. Ауа арқылы таралатын жұқпалы індетті тұсаулау әзірге мүмкін болмай тұр. Олай дейтін себебіміз, Денсаулық сақтау министрлігі көкжөтелдің асқынғаны туралы хабарлап, мұның «эпидемиологиялық қолайсыз жағдай» ек...