Tag: Президент
Президент жаңа ІІМ басшысына тапсырма берді
Президент Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді. Жиында Мемлекет басшысы жаңа Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті таныстырды.
Ернар Баспаев Президенттің кеңесшісі болды
Президент Әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды, – деп хабарлайды Ақорда.
Президенттің көп тапсырмасы тиісті деңгейінде орындалып жатқан жоқ – Ринат Заитов
Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Ринат Заитов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі мәселелерге назар аударып, пікір білдірді.
Әсет Ерғалиев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
«Президент ел экономикасын дамытуға қатысты жоба-жоспарымен таныстырды» – Бибігүл Жексенбай
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы толығымен экономикалық мәселелерге арналды.
Президент бастамалары экономиканың бірқатар саласының жаңа ережелерін ұсынып отыр – Ерлан Қарин
Жолдауда Қазақстан экономикасын дамытудың алдағы стратегиясы белгіленді.
Президент 4 министрді қызметінен босатты
Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.
Президенттің өкімімен 7 адам жаңа қызметке тағайындалды
Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Сүлейменов, Балаева, Исекешев: Президент Әкімшілігінде 12 адам қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты бірқатар лауазым иесі қызметінен босатылды.
Президент Әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады.
Қазіргі жағдайда Президентті қолдау қажет – Никита Шаталов
Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесі митингілер туралы заңнаманы ырықтандырудан бастап партияларды тіркеуді жеңілдетуге және аралас сайлау жүйесін қайтаруға дейінгі бірқатар реформадан өтті.
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді
Сапар аясында президенттер жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Президентке Маңғыстау облысының биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы жоспарлары баяндалды.
Мемлекет басшысының Вьетнамға сапары туралы бірлескен коммюнике жарияланды
Сапар аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды.
Президент ресми сапармен Вьетнамға барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруымен 20-22 тамыз күндері Ханойға ресми сапармен барады.