Іздеу нәтижесі ""
Бес қазақстандық гимнаст Әзербайжандағы әлем кубогы кезеңінің финалында өнер көрсетеді
Кермедегі жаттығуларда Милад Карими іріктеу кезеңін үшінші орынмен аяқтап, финалға шықты.
Дубай халықаралық әуежайы уақытша жұмысын тоқтатты
Anadolu агенттігінің мәліметінше, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қорғаныс министрлігі елдің әуе қорғаныс жүйелері Ираннан келуі мүмкін баллистикалық зымырандар мен дрондарға қарсы әрекет етіп жатқанын хабарлаған.
Милад Карими спорттық гимнастикадан Бакудегі әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды
Карими еркін жаттығулар бағдарламасында екінші нәтиже көрсетті. Финалда ол 14.300 ұпай жинап, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов Дубайдан аман-есен оралған қызын әуежайда күтіп алды
Бұл туралы Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде жазды. Ол қызын әуежайдан күтіп алды.
Мұнай бағасы мен жұмыссыздықтың күрт өсуі қатар келіп, трейдерлерді қорқытты
Dow Jones индексі 900 пунктке құлады. Бұған мұнай бағасының соңғы екі жылдағы ең жоғары деңгейге көтерілгені, АҚШ экономикасының өсімінің баяулағаны себеп болуда.
Ильхам Әлиев Президент Тоқаевқа бауырластық қолдауы үшін алғыс білдірді
Бұл туралы Әлиев өзінің X желісіндегі парақшасында жазды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентінің шиеленісті бәсеңдету қадамын құптады
Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.
Парсы шығанағы елдері Иранға қарсы соғыс бастаған АҚШ-қа ашулы
Трамп әкімшілігі Парсы шығанағындағы одақтастардың наразылығына тап болды. Парсы шығанағы елдері Иранның дрон және зымыран шабуылдарына дайындалуға жеткілікті уақыт болмағанына шағымдануда.
Астанада Qyran тұрғын үй кешенінде пәтерді екі рет сатып алдау схемасы анықталды
Азаматтарға пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды және тұрақ орындарын нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алу ұсынылған.
Мұнай бағасы 150 долларға дейін өседі
Парсы шығанағында бірнеше күн ішінде бүкіл өндіріс тоқтауы мүмкін деген Қатардың ескертуінен кейін мұнай бағасы күрт өсті. Соңғы аптада мұнай 22 долларға қымбаттаған.
