Теміртауда балалардың төбелесіне араласып, оқ атқан әкенің видеосы жарияланды
Теміртауда балалардың төбелесіне араласып, оқ атқан әкенің видеосы жарияланды
Теміртауда төбелесіп қалған баласы үшін атыс шығарған әкенің видеосы пайда болды. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі мәліметі бойынша мылтықтан оқ атқан ер адам ұсталды.
"9 мамырда жедел-іздестіру шарасы барысында Теміртау полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Armsan маркалы тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Осыған дейін Теміртауда балалардың төбелесі әкенің оқ атуымен аяқталғанын жазған болатынбыз. https://www.youtube.com/watch?v=8WBDmv0sbUY&t=70s&ab_channel=TengrinewsTV

Видео: tengrinews.kz