Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 1995 жылы туған ер адам Елек өзеніндегі шомылуға тыйым салынған аймақта суға түскен.
«Оның денесін құтқарушылар 3,5 метр тереңдіктен шығарды. Суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Суға мас күйде шомылуға болмайды. Биыл осы кезге дейін 15 адам, оның ішінде 4 бала суға кетіп, қайтыс болды», – деді департамент өкілі.