Пәтерден әйел мен 2 баланың денесі табылды
Пәтерден әйел мен 2 баланың денесі табылды
Фото: inbusiness.kz
125
оқылды

Оқиға орнында криминалистер тексеру жүргізіп жатыр. Рavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, полицейлер оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 11.40-та Ақсу қалалық полициясының кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі пәтерде пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар әйел мен оның 7 және 5 жастағы кәмелетке толмаған балалары табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына облыстық Полиция департаменті мен прокуратураның басшылығы шықты. Тәжірибелі жедел қызметкерлер, тергеушілер қатарынан ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары куәгерлерді анықтау мақсатында аулаларды аралап, тұрғындардан сұрастыруда», – деді департамент өкілі.

Тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.