Алматы облысында 9 жастағы баланы қинап, кірпіш көтерткен
Алматы облысында 9 жастағы баланы қинап, кірпіш көтерткен
©tengrinews.kz
353
оқылды

Алматы облысында баланы қорлап, қинау әрекеті түсірілген видео желі оқырмандарының ашуын келтірді. Видео әлеуметтік желілерде тараған.

Онда кішкентай баланы жұлқып, кірпіш тасытып, ұрған ер адамды көруге болады. Желі оқырмандары видеодағы ер адамды жазалауды талап еткен.

[caption id="attachment_156673" align="alignnone" width="1024"]Алматы облысы ©tengrinews.kz[/caption]
Бұл жағдай туралы Алматы облыстық ПД өкілдері мәлімет берді. Олардың мәліметінше, бұл оқиға туралы хабар полицияға 11 тамыз күні түскен.
"Оқиға Алматы облысы Сарқанд қаласындағы жекеменшік үйлердің бірінде болған. Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі бойынша ("Көрiнеу кәмелетке толмаған адамды қинау") сотқа дейінгі бірыңғай тергеулер реестрінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеуден 9 жастағы бала 7 және 14 жастағы бауырларымен бірге 2020 жылы асырап алынғаны анықталды", – деп хабарлады полициядағылар.
[caption id="attachment_156675" align="alignnone" width="1024"]Алматы облысы ©tengrinews.kz[/caption]

Тергеу барысында 9 жастағы жасөспірімді асырап алған ата-анасының 17 жастағы баласы қинағанын айтқан. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Сонымен қатар қамқоршыларға қатысты материалдар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға берілді. 2021 жылғы 17 тамызда комиссияның отырысы өтті. Оның шешімі бойынша ерлі-зайыпты қамқорлық құқығынан айырылды және үш бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына берілді. Қазір аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды", – делінген ПД хабарламасында.
Тергеу барысын Алматы облыстық ПД басшылығы бақылауға алғаны айтылады.