Балаларға арналған заң қаралады
Балаларға арналған заң қаралады
243
оқылды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәр­тібінің жобасы қаралды. Келесі аптадағы жиында депутаттар қарауына бала құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда енгізу ұсынылды.

Заң жобасына депутаттар бас­тамашы болды. Құжат балалар мүддесі үшін заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ Бала құқықтары туралы конвенцияның ережелерін Қазақстанның орындауы туралы төртінші кезеңдік баяндаманы қорғау қорытындылары бойынша Б¥¥ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің ұсыным­дарын іске асыру мақсатында және «Балаға мейірімді Қа­зақ­стан» атты екі халықаралық кон­ференцияның қорытын­дылары бойынша дайындалған ұсыным­дар аясында әзірленді. Заң жобасы Қылмыстық, Әкім­шілік құқықбұзушылық және Еңбек кодекстеріне, сон­дай-ақ тағы басқа бірқатар заңға түзетулерді қарастырады. Сонымен қатар жалпы отырыста депутаттар «Кейбір заңна­малық актілерге мемлекеттік бас­қару деңгейлері арасында өкі­лет­тіктерді қайта бөлу мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ІІ оқылымда қарайды деп жоспарланып отыр.

Елдос СЕНБАЙ