Кәсіпкерлікті қолдау жалғаса береді
Кәсіпкерлікті қолдау жалғаса береді
245
оқылды

«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы  экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Отырысқа «Nur Otan» партиясы­ның Шы­ғыс Қазақстан облыстық фи­­лиалы төра­ғасының бірінші орын­ба­сары Олег Чугу­нков және кеңес мүшелерімен осы са­лаға жауапты бас­қарма өкілдері қа­тыс­ты. Жиынның күн тәртібінде бизнес объек­тілеріне ин­женерлік желілерді жүр­гізу, қара­пайым заттар экономикасы бағ­дар­ла­масы бойынша маңызы басым жо­­баларды қаржыландыру және биз­несті дамытудың басым шарты ретін­де отан­дық материалдар мен жабдық­тар­ды барын­ша пайдалану  мәселелері тал­қы­ланды. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру «Nur Otan» партиясының сай­лауал­ды бағдарламасын іске асыруға ар­налған Жол картасында нақты көр­се­тілген. – Қоғамдық кеңестің әр отырыс­тарын­­да біз партияның сайлауалды бағ­дарламасын жүзеге асыруға арнал­ған Жол картасының уақытылы орын­далуын сөз етеміз. Себебі Жол кар­­та­сы­ның кейбір тармақтарының орын­далуы бойынша қосымша сұрақ­тар туындауда. Кеңес мүшелері мен жауапты басқар­ма­лар осы мә­селер бойынша жұмыс ат­қаруы тиіс. Біздің сайлау науқаны ке­зін­де сайлаушы­лар­ға берген уәделеріміз біріншіден сапа­лы, екіншіден уақытылы орын­­далуы керек, – деді облыстық фи­лиал төра­ғасының бірінші орынбасары О.Чугунков. – Шағын және орта бизнеске қол­дау көр­сету мақсатында «Бизнестің жол кар­тасы-2025» бағдарламасы шең­­берін­де 2010-2020 жылдар ке­зеңін­де жетіс­пей­тін инженерлік-ком­му­никациялық инф­рақұрылымды жет­кізу бойынша жал­пы сомасы 13,9 млрд теңгеге 57 жоба іс­ке асырылды. Осы жылы жалпы құны 10 291,88 млн  тең­ге болатын 16 жобаны іс­ке асыруға 4 779,68 млн теңге бөлінді, – деді ШҚО Энергетика және ТКШ басқар­ма­сы басшысының орынбасары Н.Рама­занов. Отырыс соңында кеңес мүшелері тара­­пынан кәсіпкерлікті қолдауға ба­ғыт­­талған жұмысты жандандыруға ар­нал­ған ұсыныстар айтылды.

Әбілмансұр ЖАСАН