Қазақстанда білікті мамандар азайып, кедей неге көбейді?
Қазақстанда білікті мамандар азайып, кедей неге көбейді?
Фото: yandex.kz
348
оқылды

Kazakhstan Growth Forum-дағы сессияда ол елдің шешілуі қажет күрделі мәселеге тоқталды.

Оның айтуынша, пандемия салдарынан жеке кәсіпкерлер шығынға батты. Шағын бизнес күйреді.

«Кедейлік деңгейi өткен жылдан бері екі есеге өсті», – деді Бенджамин.

Ал Қазақстанға шетелдік инвесторлар тарту үшін ақпарат шынайы әрі жеткілікті болуы тиіс. Халықаралық стандарттар бойынша бизнес жүргізуге ынта төмен.

«Екінші жағынан, нарықтағы бәсекелестік әлсіреді. Бұл мемлекет субсидиясыз өмір сүре алатын бизнес сегментін негізінен субсидиялайды және қолдайды», – деді ол.

Осылайша, қаржыландыруға қолжетімді ірі компаниялардың өнімдері субсидия ала алмайтын шағын компанияларға қарағанда әлдеқайда арзан болады. «Демек, экономиканы әртараптандыруға ықпал ететін біздің шағын және орта бизнесіміз біз көрсеткіміз келетін қолдауды алмайды. Ал бұл ШОБ-ты қалай қолдау және дамытуға серпін беретін маңызды мәселе», – деді Бенджамин.

Magnum cash & carry басқарма төрағасы Азамат Османов кадр тапшылығы өзекті екенін айтты. Оның айтуынша, кассирлер мен әкімшілік қызметкерлер ғана емес, IT-мамандар да елден кете бастады. Себебі, бұл қызметкерлер шетелде де басқа тиімді ұсыныстар тауып жатыр. Нәтижесінде, қашықтан жұмыс істеп, мәселен, қазақстандық IT-мамандар шетелдік клиенттерден көбірек табыс таба бастады. Сондықтан ішкі нарықта мамандар жетіспейді.