Солтүстік Қазақстанда құс тұмауынан қырылған үй құстарына өтемақы төлене ме?
Солтүстік Қазақстанда құс тұмауынан қырылған үй құстарына өтемақы төлене ме?
Фото: kaz.nur.kz
210
оқылды

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжановтың айтуынша, ауру анықталған Мағжан Жұмабаев ауданындағы Лебяжье ауылын республикалық комиссия келіп, тексерді.

«Инфекция ошағын дер кезінде оқшаулау үшін елдімекен аумағына дезинфекциялық бекеттер орнатылды. Енді ауылға кіріп-шығатын көліктер дезинфекцияланатын болады. Ал індеттің таралуын болдырмау мақсатында ауру ошағындағы барлық үй құстарының көзін жою қолға алынды. Олардың иесіне өтемақы төленеді», – деді Берік Әлжанов.

Аймақта 21-26 қыркүйек аралығында Мағжан Жұмабаев ауданында мыңнан аса үй құсы қырылды. Зертхана сынамасы оған құс тұмауы себеп болғанын анықтады.