Түркістан төрінде Бөрте қойылымы алғаш рет қойылады
Түркістан төрінде Бөрте қойылымы алғаш рет қойылады
650
оқылды

Атап айтқанда, Түркістан музыкалық драма театры шымылдығын әлем тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі, Шыңғыс ханның қоңырат тайпасынан алған алғашқы әйелі Бөрте жайлы өзінің алғашқы қойылымымен ашпақ. Бұл туралы журналистерге арналған брифингте театр директоры және көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарова мәлімдеді.

   width= Оның айтуынша, жаңа театрдың алғашқы қойылымын көрсетуге белгілі италиялық режиссерлер Давиде Ливермор мен Карло Шаккалуга шақыртылған.  width= Сонымен қатар, қойылымға Қазақстанның әр аймағындағы театрлардан талантты жас актерлер мен танымал қоғам қайратерлері де қатысады. Атап айтсақ, рөлдерді Қазақстанның халық әртісі Алмахан Кенжебекова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Лейло Бекзанар-Ханинга, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алихан Ыдрышева, Еркебұлан Дайыров, Ақбота Қаймақбаева, Нүркен Өтеуілов, Айя Шәріп сынды кәсіби актерлер сомдайды.    width= Баспасөз мәслихатында журналистердің қойған сұрағына жауап берген өнер ордасының саңлақтары Түркістан қаласының көркейіп, киелі шаһарда ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқанын да сөзге тиек етті.    width= «Әрине, сахнаның сәнін актерлер келтіреді. Театр дегеніміз – тірі организм. Бұл жерде барлығы іс-қимыл арқылы беріледі. Өздеріңіз кітап немесе кино көріп отырғанда қандай әсерде боласыздар. Сол сияқты қойылымда сондай әсер беру үшін актерлер тарапынан аса шеберлік қажет. Алдағы уақыттарда жаңа, жақсы қойылымдар қою үшін өздеріңізбен пікір алмасып, бөлісіп  отыру үшін арнайы бас қосатын орталық ашу жоспарда бар. Театрда 40-тан астам өзіміздің актерлер бар. Қажет кезде әлемдік тәжірибедегідей, шетелден және республикадан атақты режисерлер мен актерлерді шақырып, солардың көмегіне сүйенетін боламыз.    width= Белгілі болғандай, Бөртеге арналған шығарма қазақ сахнасында тұңғыш рет қойылып отыр. Қойылым 10-11 жастағы Темүжін мен Бөртенің алғаш танысуынан басталып, Шыңғыс қағанның алып империяны басқарып тұрған кезеңдерін қамтиды. Шыңғыс хан әскерінің жеңісті жорығы Қытайдан басталып, Украинада болған шайқасқа дейін жетеді. Темүжін алауыздық жайлаған тайпаларды біртұтас мемлекетке біріктіріп, Шыңғыс қаған атанады. Драмасы мен трагедиясы жетіп-артылатын спектакльде өжет те қайсар, ажарлы да ақылды, қайсар әйел Бөрте ханымның ғұмыры баяндалады. Тарихи спектакльдің ғылыми кеңесшісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлан Атығаев. Декорация шынайлығымен, сахналық киімдер тартымдылығымен, реквизиттер шеберлердің арнайы дайындауымен ерекшеленбек. Белгілі композитор Хамит Шаңғалиев спектакльге арнап эксклюзивті музыка да жазыпты.    width= Нүркен Өтеуілов Шыңғысханның, ал Айя Шәріп Бөртенің рөлін сомдамақ. Режисер Карло Шаккалуганы сөзге тартқанымызда ол: «Шыңғысхан империясының құрылуындағы Бөртенің рөлін білу қандай маңызды және өте қызықты. Оның үстіне Бөрте туралы ақпарат көп емес. Осы тұрғыда драматург Дулат Исабеков өте көп ізденіп, үлкен жұмыс атқарған. Ол Бөртенің қоғамдағы орнын анықтау үшін аянбай тер төкті. Күрделі тұлғаның бейнесін ашып, сомдап,  халыққа жеткізу  үшін  барымызды салудамыз», – деген шетелдік режиссер өзінің Қазақстан туралы сырттай білгені болмаса мұнда алғаш рет келіп отырғанын жеткізді. Ол сондай-ақ, бұған дейін Шыңғысхан туралы кітап оқығанын да айтты.    width=