Кіші Талдыкөл төңірегіндегі қорымның ендігі жағдайы не болмақ?
Кіші Талдыкөл төңірегіндегі қорымның ендігі жағдайы не болмақ?
©Liter.kz
732
оқылды

Көнеден қалған зиратқа жүз жылдан асыпты. Бейіттің кейбірі жойылу алдында тұрса, енді біріне жету - қиынның-қиыны. Зират елорданың дәл қақ ортасында екен. Нақтырақ айтсақ, Нұр-Сұлтандағы Сығанақ пен Е-27 көшелерін байланыстырып тұрған жаңа жолдың бойында орналасқан. Сол маңайда топтасқан бес қорым болған. Қазір оның үшеуі ғана қалған: Талдыкөл, Башан және Омар. Олардың өзі жойылу алдында тұр.

[caption id="attachment_165903" align="alignnone" width="1024"]зират ©Liter.kz/Илья Астахов[/caption] Liter.kz порталы тарихшылардан бұл бейіттер жайында сұрап-білді. Тарихи-сәулеттік ортаны зерттеуші, Fading.TSE қауымдастығының бастамашысы Теміртас Ысқақовтың айтуынша, бұл бейіт – Омар зираты деп аталады екен. [caption id="attachment_165904" align="alignnone" width="1024"]зират ©Liter.kz/Илья Астахов[/caption]

«Омар зираты «Жеті кешен» тұрғын үй кешенінің жанында орналасқан. Тіпті, құрылысшылар салған қара жолға тиіп тұр. Ал зираттың қазір тұрған қоршауы жобалап қойылған. Меніңше, қорым одан әлдеқайда үлкен. Өйткені барлық қабірге құлпытастар қойылмауы мүмкін. Себебі, қазақтар ХХ ғасырдың басына дейін қабірге мүлде құлпытас қоймаған. Өздеріңіз білесіздер, көшпенді қазақтарда ондай үрдіс болмаған. Сондықтан ол жерге археологиялық сараптамасыз жол салу мүмкін емес. Мұның қалай болғанын мүлде түсінбеймін», –  дейді зерттеуші.

[caption id="attachment_165906" align="alignnone" width="1024"]зират ©Liter.kz/Илья Астахов[/caption] Ал екінші нысан – Башан зираты. Ең қиын жерде орналасқан осы қорым. Зират батпақты жердің ортасында тұр. Айналасына су жайылып, ұзын-ұзын қамыс өсіп кеткен. Картадан байқасаңыз, Ұлы дала көшесі жағынан, дәл жаңадан салынып жатқан жолдан өтуге болады. Алайда ол жақ батпақты балшыққа айналып кеткен. зират Бір қарағанда, көзге ешқандай зират түспейді. Қамыстың арасынан өтіп, оңтүстік-шығысқа қарай бет алып, 500 шақырымдай жүрген соң алдыңыздан бейіт көрінеді. Қараусыз қалғаны бірден белгілі. Айналаны шөп басқан, қабір тастардың 19-ы дін-аман. Алайда тарихшылар бұл жерде молалардың одан да көп екеніне сенімді. Өйткені көп қабірдің құлпытасы мүжіліп, сынып, құлап қалған. [caption id="attachment_165908" align="alignnone" width="1024"]зират ©Liter.kz/Илья Астахов[/caption] Табылған құлпытастағы жазбалар арабша жазылған. Арасынан сандарды ғана ажыратуға болады. Ең соңғы қойылған қабір 1976 жылғы екен. Ішіндегі дін-аманы да осы. Қызығы, ХХ ғасырда бұл қорымды өлкетанушы Леонид Семенов картаға енгізген екен. Бір кездері зират маңында қазақтың қыстақтары болған. [caption id="attachment_165909" align="alignnone" width="1024"]зират ©Liter.kz/Илья Астахов[/caption]

– Бұл зираттар бұрын қалаға тиесілі емес еді. Мұндағы зираттар мен ауылдар ғасырлар бойы сақталып, ата-бабамыздан қалған дүние. Нұр-Сұлтан қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде бұл жер – ХХ ғасырдың басындағы зират деп тіркелген. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Әрине, түсінемін, құлпытастардағы датамен бекіте салуы мүмкін. Бірақ, археологтардың сөзінше,  бұл зират XIX ғасырда пайда болған. Тіпті, одан кейінгі ғасырларға тиесілі болуы мүмкін. Себебі, олар ортағасырлық қорымдардың орнында пайда болған, – деді Теміртас Ысқақов.

[caption id="attachment_165910" align="alignnone" width="1024"]зират ©Liter.kz/Илья Астахов[/caption] Тағы бір зират Үлкен Талдыкөлдің оңтүстік жағалауында орналасқан. 70-жылдары онда қойма болған екен. Кейін су деңгейі көтеріліп, зиратты су алып кеткен. [caption id="attachment_165912" align="alignnone" width="1024"]зират ©Liter.kz/Илья Астахов[/caption] «Қазір бұл зират қоршалған. Иә, біраз жері су астына кетіп, құлпытастары құлап, қамыс басып кеткен. 2008 жылы сол жерде жерленген адамдардың ұрпақтары қорымды қоршап, қақпа орнатқан. 2013 жылы көптеген қабірдің құлпытасы ауыстырылды. Аз да болса қалпы сақтап тұр», – дейді маман. [caption id="attachment_165913" align="alignnone" width="1024"]зират ©Liter.kz/Илья Астахов[/caption] Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанның бас жоспарында зираттарға бөлінген ешқандай жер көрсетілмеген.  Бірақ соған қарамастан ол жерге үй, балабақша, мектеп тұрғызуға болмайды. [caption id="attachment_165914" align="alignnone" width="1024"]зират ©Liter.kz/Илья Астахов[/caption]

–  Зираттың үшеуі де ата-бабамыздан келе жатқан қорым. Оның тарихы XIX ғасырдан басталады. Онда орта жүздің Арғындары жерленген. Осы жақта олардың қыстақтары болған. Маңындағы көлдердің арқасында тіршілік етіп, ашаршылық пен қуғын-сүргін жылдардан аман қалған. Бүгінде қала қарқыны тез өсіп, осы жерге де жетті. Қазақтың қыстайтын жерін қалпына келтіріп, табиғи тарихи-архитектуралық саябақ жасаудың орнына қала қатарына қосқалы жатқанын түсінбедім, – дейді Теміртас Ысқақов.

[caption id="attachment_165915" align="alignnone" width="1024"]зират ©Liter.kz/Илья Астахов[/caption]