Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
Фото: Тұрар Қазанғапов
186
оқылды
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Соған байланысты 10 мемлекеттен келген жолаушылар 7 күнге оқшауланады.
"Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары осы қаулыға қосымшада көрсетілген елдерден Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде барып келген адамдарды 7 күн бойы үйде оқшаулауды (үй карантинін) және медициналық бақылауда болуын бақылауды қамтамасыз етсін", – делінген қаулыда.
Тізімде Израиль, Чехия, Нидерланд, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада, Бельгия және Египет мемлекеттері көрсетілген. Қаулы 2021 жылғы 3 желтоқсанда сағат 00-ден бастап күшіне енеді.