Шымкентте 2 қыз жалдамалы пәтерде көз жұмды: біреуінің неден қайтыс болғаны белгілі болды
Шымкентте 2 қыз жалдамалы пәтерде көз жұмды: біреуінің неден қайтыс болғаны белгілі болды
© otyrar.kz
302
оқылды
Шымкентте жалдамалы пәтерде  2 қыз көз жұмды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл оқиғаларға қатысты пікір білдірді. 
«Өкінішке қарай, 2 қыз көз жұмған. Ата-анасына, туған-туыстарына көңіл айтамын. Бірінші жағдайға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, күдікті ұсталды.. Қалалық ПД тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді әкім брифингте.
Әкімнің айтуынша, екінші қыздың қауіпсіздік шараларын сақтамаудан көз жұмғаны белгілі болды.
«Пәтерде өрт болған, ол улы газдан уланып қалған», - деді әкім.
Бұған дейін Шымкентте екі қыздың жалдамалы пәтерден өлі күйінде табылғанын жазған болатынбыз.