Соңғы жеті жылда Алматы облысына жетекшілік еткен Амандық Баталовтың қазір қайда екені белгілі болды. Лауазымынан босатылған экс-әкім Талдықорғаннан Алматыға көшіп кетіпті.
– Қазір Талдықорғаннан Алматыға көшіп келдік. Содан бері үйдемін. Бос уақытымды үй ішіммен өткізіп жатырмын. Әзірге ешқандай жұмысқа орналасуды көздеген жоқпын, – деді Амандық Ғаббасұлы.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметкер болғандықтан өзінің отставкаға кететініне дайын болғанын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, қарашаның аяғында Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амандық Баталовқа Алматы облысының әкімі лауазымында көп жыл жемісті қызмет атқарғаны, өңірді дамытуға және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.