ҚазақстанТәуелсіздігінің 30 жылдығынаорайНұр-Сұлтандадемеушілікқаражатесебіненұйымдастырылғанмерекелікотшашуболды. Бұлтуралыелордаәкімдігініңресмисайтыхабарлады.
Мерекелік отшашу қаланың үш нүктесінде, атап айтқанда Ботаникалық бақтың аумағында, Атырау көпірінің солтүстігіндегі Есіл өзенінің сол жағалауында және Ақбұлақ өзенінің солтүстік жағында, Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болды.
Айта кету керек, Тәуелсіздік күнін мерекелеу әлеуметтік нысандардың ашылуымен қатар жүреді: Мереке қарсаңында 20 мыңнан астам оқушы орнына есептелген 7 мектеп, 2,5 мың әлеуметтік пәтерге 6 көппәтерлі тұрғын үй кешені (Қолжетімді тұрғын үй), үлескерлердің 2 мың 400 отбасына 9 үлестік құрылыс нысаны ашылды.