Маңғыстауда браконьерлік тыйылмай тұр
Маңғыстауда браконьерлік тыйылмай тұр
253
оқылды
Облыста бекіре аулау, заң­мен тыйым салынған жануар­ларды атуға қатысты бра­коньерлік қылмыстар әлі күн­ге тоқтамаған. Желтоқсан айы­ның басынан бері табиғат қорғау полициясы 7 күдіктіні қолға түсіріпті. Ескертуге қарамастан рұқ­сатсыз аңшы қаруын алып жүрген, аң және балық аулау қағидаларын өрескел бұзған 80 адамға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Таяуда Түп­қараған ауданында шекара­шылармен бірлесе өткен рейд кезінде жерүйде 90 келі бекіре сақтаған ауыл тұрғыны ұсталды. Қазір осы іске байланысты тергеу жүріп жатыр екен. – Теңізден бекіре аулап, үйінде салып жатқан жерінен ұсталды. Қалған қылмыстық істер бойынша Жаңаөзен қаласында, Қарақия ауданында учаскелік инспекторлар тексереді. Сол кезде үйлерден тіркелмеген аңшылық қарулар табылған. Оларды қылмысқа тір­кейді, – дейді Полиция де­партаменті табиғат қорғау полиция бөлімінің аға инспекторы Абзал Яхиев.

М.ХАҚНАЗАР