Алматы қаласында тұрғындар жаппай наразылыққа шыққан дүрбелең кезінде 22 адам із-түзсіз жоғалды.
Алматы полициясының мәліметінше, оның ішінде 15-і табылды. Қалған хабар-ошарсыз кеткен 7 адамды іздеп жатыр. Хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды көрген адам болса, полиция департаментіне немесе аудандық ішкі істер бөліміне хабарласқаны жөн.
Бұған дейін Алматы әкімдігінің ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаған болатынбыз.