Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек биыл 4-8 қаңтарда бүлікке қатысқандардың мәйіті жерленген жердің табылғаны туралы ақпаратты растады.
Оның айтуынша, тергеу жүргізіліп жатыр.Оқиғаның мән-жайы тергеуден соң анықталады. Бұған дейін Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы мәйітханалардан 41 мәйіт ұрланғанын мәлімдеген еді.«Иә, растаймыз. Расында да, мәйіттер табылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Сондықтан мәйіт саны қанша екенін нақты білмейміз. Жедел тергеу тобы жұмыстарды аяқтағаннан кейін толық ақпарат береміз», – деді Салтанат Әзірбек.
«Шабуылдарды кәсіби дайындықтан өткен, қару-жарақ пен ұрыс әдістерін жетік меңгерген адамдар жасаған. Олар қаза тапқандар мен жараланғандарды қалдырмай, өздерімен бірге алып кетті. Сол күндері мәйітханаға 7 шабуыл жасап, белгісіз біреулер қаза болған 41 адамның денесін ұрлап кеткен», – деді Таймерденов.