Танымал актер Бақтияр Қожаның әйелі қайтыс болды
Танымал актер Бақтияр Қожаның әйелі қайтыс болды
Фото: exk.kz
971
оқылды
Танымал актер Бақтияр Қожаның жұбайы Баян Құралқызы өмірден өтті. Бұл туралы М.Әуезов атындағы драма театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
"Театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Қожаның жұбайы Баян Құралқызының мезгілсіз дүние салуына байланысты М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ұжымы қайғыға ортақтасып, марқұмның туған-туыс, жақындарына қайғырып көңіл айтады", – делінген театр баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұған дейін белгілі актер Төлеубек Аралбай қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.