Алматыда құпия жерленген жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың жеке басы анықталды
Алматыда құпия жерленген жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың жеке басы анықталды
© AP Photo / Vladimir Tretyakov
1,048
оқылды
Алматыда құпия жерленген жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың кімдер екені анықталды, – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.
"Алматы қаласы Полиция департаменті мәйіті зерттелмей ұрланып, құпия жерленген жердегі адамдардың кім екені анықталғанын хабарлайды", – делінген хабарламада.
Сот-медициналық сараптамалар ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүргізілетін болады. Бұған дейін Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы мәйітханалардан 41 мәйіт ұрланғанын мәлімдеген еді.
«Шабуылдарды кәсіби дайындықтан өткен, қару-жарақ пен ұрыс әдістерін жетік меңгерген адамдар жасаған. Олар қаза тапқандар мен жараланғандарды қалдырмай, өздерімен бірге алып кетті. Сол күндері мәйітханаға белгісіз біреулер 7 рет шабуыл жасап, қаза болған 41 адамның денесін ұрлап кеткен», – деді Таймерденов.
Бұған дейін Алматыда Полиция департаменті бүлік кезінде мәйітханадан ұрланған содырлардың мәйіті табылғаны туралы ақпаратты растаған болатын.