Әнші Қанат-Айткүл Құдайбергеновтер араша сұрайды
Әнші Қанат-Айткүл Құдайбергеновтер араша сұрайды
Фото: el.kz
1,130
оқылды

Әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Қанат-Айткүл Құдайбергеновтер елден араша сұрайды. Олар 45 жылға жуық жұмыс істеген орнынан «зейнеткер» деп қуғынға ұшырағанын айтып отыр. Бұл туралы Құдайбергеновтер Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Біз Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияда 45 жылға жуық жұмыс істеп келеміз. Еңбегіміз еленіп, мемлекеттік марапат та алдық. Енді облыстық мәдениет басқармасы мен филармония басшылары бізді жұмыстан шығарып, киелі сахнаны босатыңдар деген талап қойып отыр. Сіздердің пікірлеріңіз қажет болып тұр. Нұрғали ағамыз, Бибігүл апайымыз, басқа да сахна саңлақтары әлі күнге дейін өз ұжымында жұмыс істеп, өнерін паш етіп жүр. Филармониямызда бар жоғы төрт-бес республикаға еңбек сіңірген өнер қайраткері бармыз. Бәрімізді зейнеткер деп сахнадан қуып шығу әділдік пе? Кейінгі өнерлі жастарға бетке ұстар, облысымыздың мақтан тұтар өнер тарландары деп үлгі етудің орнына сахнадан кетіңдер дегені қаншалықты дұрыс деп ойлайсыздар? Бәріміздің кәсіби деңгейіміз жоғары. Фонограмма қолданбаймыз, халық үшін сағаттап ән салып, күй тартуға бармыз», – деп жазды Құдайбергеновтер.

Бұған дейін әнші Сәкен Майғазиев Мәдениет үйіндегі қызметінен өз еркімен кеткенін жазған болатынбыз.