Атырауда қауіпсіздік белдігін тақпаған екі адам бесқабатты үйдің шатырынан құлап, көз жұмды. Бұл деректі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Оқыс оқиға бүгін, 21 ақпанда Атырау қаласында болған.
«Атырау қаласының «СМП-163» шағын ауданында орналасқан №7 үйде жаңғырту жұмысы жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты бесқабатты үйдің төбе жабындысын ауыстыру кезінде 2 жұмысшы құлап кеткен. Оның бірінің жасы – 25-те, екіншісі – 36-да. Жұмысшылардың қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды. Екеуі де оқиға орнында мерт болды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін АҚШ-та Қазақстан азаматын өз көлігінде атып кеткенін жазған болатынбыз.