Nur Otan партиясы атқарушы биліктен бөлінуі мүмкін бе?
Nur Otan партиясы атқарушы биліктен бөлінуі мүмкін бе?
Фото: Tengrinews.kz

1 наурызда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезі өтеді. Саясаттанушы Никита Шаталов съезде қандай өзгеріс болатынын болжады.

Оның айтуынша, Президент Жолдауында айтулы саяси реформалар болуы мүмкін.
"Съездің күн тәртібі әлі белгісіз: ребрендинг бола ма және партия басшылығына жаңа тұлғалар келе ме? Бірақ Жолдаудан, ең алдымен, саяси реформалар күтіледі. Реформаларды әуелі мәслихаттар мен мәжілістен бастау орынды. Қазірдің өзінде "Жаңа Қазақстан" депгруппасы құрылды, партия институт ретінде болуы қажет. Сонымен бірге партияны атқарушы биліктен бөлу міндеті де тұр. Ол үшін өңірлік филиалдардағы әкімдердің төрағалығын алып тастау керек", – дейді саясаттанушы.
Никита Шаталов Қасым-Жомарт Тоқаевтан күрт өзгерісті күтпейтінін айтты.
"Президенттің стилі өте түсінікті. Ол ұйымдар мен институттарды тұрақсыздандырмас үшін ештеңені күрт өзгертпейді. Экономикаға жедел реформалар қажет екенімен келісемін. Сондықтан әртүрлі агенттердің онда араласу мүмкіндігі аз. Саяси реформалар қиындай түсті, әсіресе Қазақстанда күрделі болуы мүмкін", – дейді саясаттанушы Никита Шаталов.
Айта кетейік, 1 наурызда өтетін съезде партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады. Сонымен бірге дәл сол күні партияның құрылғанына 23 жыл толады. 1999 жылы 1 наурызда партияның I құрылтай съезі өткен еді. 1998 жылы қазанда тіркелген «Президентке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау қоғамдық штабы» қоғамдық қозғалысы қалай саяси партияға айналды? Партия 1999 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Осыған орай Aikyn.kz Қазақстандағы ірі саяси партияда болған айтулы өзгерістерді тізіп шықты.