Әзербайжанда Жамбыл Жабаевқа арналған пошта маркасы шықты
Әзербайжанда Жамбыл Жабаевқа арналған пошта маркасы шықты
274
оқылды

Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры түркі халықтарының сан ғасырлық мәдениеті мен тарихын дәріптеу мақсатында "Үш Озан бірге" жаңа жобасын жүзеге асырып жатыр, - деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба аясында түркі әлемінің үш ақыны – Жүніс Әміре, Ашық Алескер және Жамбыл Жабаевтың мерейтойына байланысты пошта маркалары шығарылды. Маркаларды Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігі жанындағы "Азерпост" ЖШҚ-мен бірлесіп айналымға енгізді. Маркалар дизайнын әзербайжандық суретші Орхан Гараев жасаған, онда ақындардың портреті бейнеленген.