Алматыда қос түбі бар сөмкеде 400 мың АҚШ долларын шетелге алып өтпек болғандар ұсталды
Алматыда қос түбі бар сөмкеде 400 мың АҚШ долларын шетелге алып өтпек болғандар ұсталды
© ҰҚК баспасөз қызметі
234
оқылды
Президенттің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау шеңберінде 15 наурызда шекарашылар Алматы қаласының халықаралық әуежайында елден 400 мың АҚШ долларынан астам ақша әкету әрекетінің жолын кесті, олардың бір бөлігі қос түбі бар сөмкеде тексеруден жасырылған, – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. 2022 жылғы 25 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҰҚК Шекара қызметі 900 миллион теңгеден астам сомаға декларацияланбаған қолма-қол ақшаны елден әкетудің алдын алды. ҰҚК Шекара қызметі шетелге шығу кезінде құқық бұзушылықты болдырмау үшін Қазақстан қаржы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.