Президенттің бағытын қолдау керек
Президенттің бағытын қолдау керек
341
оқылды
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында еліміздің одан әрі саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғыруы­ның басты бағдарын айқындап, жаңа әділ қо­ғам – Жаңа Қазақстанның базалық инсти­туттарын қалай құру керектігі туралы айтып берді. Біздің бәріміз де мемлекеттің экономикалық өр­кендеуінен кейін «алдымен экономика, содан кейін саясат» деген қағидат қоғамды демократия­ландыруға, еліміздің бүкіл халқын игілікке қол жет­кізуіне алып келеді деп үміттенген едік. Бірақ біздің қоғам екі әлемге: бай және кедей адамдарға бөлініп кетті. Ал бұл әлеуметтік әділетсіздік пен теңсіздікті тудырып қана қоймай, экономиканың тұрақты дамуына кедергі болады. Сондықтан Президентке Жаңа Қазақстан  құрылысын оның саяси базисін қайта құрудан бастауға тура келеді. Ең алдымен, біз суперпрезиденттік басқару формасынан күшті Пар­ламенті бар президенттік республикаға көшетінімізді атап өткен жөн. Бұл билік институты мен елдің тұрақты дамуының оңтайлы теңгерімін қамта­масыз етеді. Мұндай саяси жүйе кезінде Қазақстанда жеке тұлғаға табыну, билікке деген фаворитизм мен монополия болмайды деп ойлаймыз. Президент партия мүшесі болудан бас тарту туралы дана шешім қабыл­дады. Бұл партиялық жүйені қалыптастыру кезінде ашық бәсекелестік күреске кепілдік береді. Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия фи­лиалдарында қызмет атқаруға тыйым салуды заңнамалық тұрғыдан бекітуді аса маңызды деп санаймын. Әскери қақтығыстар, санкциялық соғыстар біздің дәл жанымызда өрши түсіп, қаңтар оқиғаларынан қорқынышты сабақ алған кезде жер жүзінде, оның ішінде өз елімізде бейбітшіліктің қадірін түсіне бастадық. Қазір  азаматтарымыздың мемлекеттік билікке деген сенімін арттыру аса маңызды. Сондықтан басталған өзгерістерді тоқыратпай, Президенттің реформасына қолдау білдірген жөн. Сондай-ақ жайлы жерге отырып алып, бәрін түгелдей сынға ала бермей, әрқайсымыздың нақты істе белсенді болуы­мыз ауадай қажет.