Алматыда жылу құбыры жарылды
Алматыда жылу құбыры жарылды
Сурет: anita_starzycka
403
оқылды

Алматы қаласының Әуезов ауданында жылу трассасы жарылып, бірқатар тұрғын үй жылу мен ыстық судан ажыратылды. Ыстық судың көше бойына жайылып кеткені туралы видео әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ның ресми өкілі Ян Гирин апатты жағдай сағат 20.00 шамасында Саин-Ұлықбек көшелерінің қиылысында орын алғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір ол жерде «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ның бригадалары жұмыстар жүргізуде. Бірнеше сағат ішінде жарылған құбырлар қалпына келтіріледі.
«Диаметрі 700 мм құбыр жарылды. Алдын ала ақпарат бойынша апаттың себебі - құбырдың тозуы болған. Оны 1989 жылы пайдалануға берген. Мұндай құбыр 25 жылға есептелген, алайда олар 33 жылжан аса пайдаланылып келеді. Жылу аралық кезеңдегі жылу желілерін гидравликалық сынау кезінде бұл құбыр барлық бақылау сынақтарынан сәтті өтті және қолданысқа енгізілді. Бірақ, өкінішке орай, сәтсіздік болды», - деді Ян Гирин.
Ол аудандағы бірқатар үйлер жылусыз қалғанын айтты. Ыстық судың берілуі шектелді. Ян Гирин мұндай уақытша қолайсыздық пәтер ішіндегі температура режиміне әсер етпейтінін айтты. Апатты жағдайдан зардап шеккендер мен қаза тапқандар болған жоқ.