Мейрамбек Бесбаев Америкаға барып «киноға» түсті
Мейрамбек Бесбаев Америкаға барып «киноға» түсті
©aikyn.kz
330
оқылды

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев вайн түсіре бастады. Оның соңғы видеосы  «Один дома» фильміндегі Дональд Трамптың рөлін сомдады.

Естеріңізде болса, Американың бұрынғы президенті Дональд Трамп «Один дома-2» фильміне түскен еді. Сол уақытта «Плаза» қонақүйін басқарған экс-президент 1-2 минуттық эпизодтық рөлде ойнаған. Фильмнің бас кейіпкер Кевин Маккалестерге барар жолды көрсеткен болатын. Мейрамбек Бесбаев фильмнің сол үзіндісіндегі экс-президенттің рөлін қайталаған. Сөйтіп, АҚШ-тың Нью-Йорктегі «Плаза» қонақүйінде болып, әйгілі «Один дома» фильміндегі Дональд Трампты сахналады. Ал оның кинода серіктесі әнші Ғазизхан Шекербеков болды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от 𝐌𝐄𝐈𝐑𝐀𝐌𝐁𝐄𝐊 𝐁𝐄𝐒𝐁𝐀𝐄𝐕 (@m_besbaev)

Әншінің парақшасынан вайнды көрген қолданушылар риза болып, «Вайн түсіруді сізден үйрену керек екен ғой», «Трамп сияқты дәулетіңіз бен абыройыңыз болсын», «Трампты ойнаған рөл жарасыпты», «Микобай Трамп» деген пікір қалдырды. Сонымен қатар Мейрамбек Бесбаев  америкалық қазақтармен бірге Наурыз мерекесін қарсы алды.