Абай облысына қандай аудандар берілетіні белгілі болды
Абай облысына қандай аудандар берілетіні белгілі болды
876
оқылды
Жаңадан құрылатын Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысына қандай аудандар берілетіні мәлім болды. Бұл туралы бүгін Өскеменде өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында айтылды. Сонымен, Тарбағатай ауданының құрамынан Ақсуат және Тарбағатай аудандары, Көкпекті ауданының құрамынан Самар және Көкпекті аудандары бөлініп шықпақ.
Жаңадан құрылатын Абай облысына 2 қала (Семей, Курчатов), 8 аудан (Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар), Шығыс Қазақстан облысына 2 қала (Өскемен, Риддер), 9 аудан (Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай) берілмек.
 width= Абай облысының аумағы - 185,5 мың шаршы метр, халық саны – 638,3 мың адам. Шығыс Қазақстан облысының аумағы - 97,8 мың шаршы метр, халық саны – 717,6 мың адам. Бүгін облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан мақұлдаған бұл ұсыныс Үкіметке жолданады.

Шығыс Қазақстан облысы