Алматы іргесінде жолаушылар автобусы 9 көлікпен соқтығысты
Алматы іргесінде жолаушылар автобусы 9 көлікпен соқтығысты
359
оқылды
Оқиға Алматы мен қалаға іргелес Қарасай ауданына қарасты Жандосов ауылының ортасында орын алған. Алдын ала болжам бойынша автобустың тежегіші істен шыққан. Куәгерлердің айтуынша, Жоғары Қаскелең тас жолында жолаушылар автобусы қатты жылдамдықпен келе жатқан. Салдарынан автобустың 35 жастағы жүргізушісі 9 көлікпен соқтығысқан. Көліктің маркілері - Toyota Camry, Nissan Patrol, Toyota Gracia, Kia Rio, Subaru Legacy, Toyota Carina, трактор және екі Мерседес. «Зардап шеккен жүргізушімен бірге автобустағы бірнеше жолаушы медициналық тексеруден өту үшін Қаскелең ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері мен тергеушілер жұмысын жалғастыруда. Тексеру нәтижелері кейінірек жарияланады»  - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.