Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

6 058 адам жұмысқа тұрды

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ
Сәуір 12, 2022
жұмыс
2.2k
қаралым

Жыл басынан бері Қарағанды облысында 6 058 адам жұмысқа ор­наластырылды. Өңірдегі жұ­мыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрайды, бұл республикалық көрсеткіштен (4,9 %) тө­мен. Өңірдің жұмыспен қамту қыз­метіне бірінші тоқсанда 7 136 тұрғын жүгінді. Кә­сіп­кер­лік­ті дамытудың 2021-2025 жыл­дарға арналған ұлттық жо­басы аясында 6 058 адам жұ­мыспен қамтылды. Оның ішін­де 3,3 мың үміткер бос орын­дарға жолдама алды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабар­ла­ды.

– Әлеуметтік жұмыс орын­дары­­на – 294, қоғамдық жұмыстар­ға 2 310 адам тартылды. Жастар тә­жірибесінен өту мүмкіндігін өңір­дің 118 тұрғыны пайдаланды. «Ұр­пақтар келісімшарты» жобасы бойынша екі жас маман шеберлігін арттыра алды, – деп атап өтті Жұ­мыс­­пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова. – «Бірінші жұмыс орны» жо­­­­басы аясында 20 адам жұмысқа ор­наластырылды. Бұл бағдарламаны 29 жастан аспаған жастар пайдалана алады. Мысалы, жұмыс тә­жіри­бесі жоқ түлектер, жұмыс­пен қамту орталығында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұ­­мыссыз деп танылған жастар, со­ның ішінде NEET санатындағылар.

Сондай-ақ өңірде «Ұрпақтар ке­лі­сімшарты» жобасы жүзеге асы­ры­лып жатыр. Ол зейнеткерлік жас­қа толған жұмыс істеп жүрген жұ­мыскерді кейіннен ауыстыра оты­рып, жас мамандарды жұмысқа ор­наластыруға бағытталған.

Осы жылдың қаңтар айынан бас­тап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Жастар практикасы» және «Ал­ғаш­қы жұмыс орны» жобаларына қатысу ұзақтығы мен еңбекақы мөл­шері ұлғайтылды. «Жастар тә­жіри­бесі» алты айдан бір жылға дейін созылады, жалақысы 30 АЕК (91 890 теңге). «Бі­рін­ші жұмыс орны» жобасын іске асыру шең­берін­де 30 АЕК жалақымен 12 ай­дан 18 айға дейін жұмысқа орна­ла­суға кепілдік берілген.

Зейнет жасына жақындаған жұ­мыссыз адамдар үшін «Күміс жас» жаңа жобасы әзірленді. Биыл оны 534 адам пайдалана алады. Бұл рет­те мемлекет жыл бойы жалақыны субсидиялайтын болады. Ай сайын­ғы субсидия мөлшері белгі­лен­ген жалақының 50 пайызы, бірақ салықтарды, міндетті әлеу­мет­тік аударымдарды, пайда­ла­ныл­маған еңбек демалысы мен банктік қызметтер үшін өтемақыларды ескере келе 30 АЕК-тен аспайды.

– Бүгінде жұмыс берушілер мен зейнеткерлік жасқа жақында­ған тұлғаларды тарту бойынша жұмыс­тар жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру республикалық бюд­жеттен қар­жыландыруға байланысты бас­талады, – деп қосты Әсем Жүніспе­кова.

Жұмыссыздарды жұ­мыс­­пен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру туралы ақпараттандыру үшін өңірде жыл­жымалы мобильді жұмысқа ор­на­ластыру пункттері жұмыс істей­ді.

Қарағанды облысы

Тегтер: Жұмысжұмыспен қамтуҚарағанды облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарлық кейуана баласын полицияға берді

Ескі тариф бойынша утильалым төлегендердің қаражаты қайта есептеледі

Қарағанды ​​мен Теміртауда банк клиенттерін 40 миллион теңгеге алдағандар ұсталды

Жаңа вирустың кесірінен аралар жойылып барады

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды

Өз балаларына миллион теңгеден аса ақша қарыз болған ер адам ұсталды

Футболдан Амангелді Сейітханов турнирі мәресіне жетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»