Қарағандыда биіктен секіретін аттракционның бірде-бір қызметкері ресми түрде жұмыс істемеген, – деп жазады inform.kz.
Қарағандыда Қазыбек би аудандық сотында 34 жастағы Евгения Леонтьеваның қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс бойынша соттың кезекті отырысы өтті.
Тергеу барысында «Fly Қазақстан» фирмасының директоры Илья Ильичев өз ЖШС-ін 2021 жылдың жазында тіркегені анықталған. Компания биіктіктен секіруді жүзеге асырғанына қарамастан, барлық қызметкерлер онда бейресми жұмыс істеген.
Қайғылы оқиға кезінде компанияның иесі Илья Ильичев Ресейде болған. Ол кезде ол анасын жерлеп жатқанын айтқан.
Алайда осыдан кейін де «Fly Қазақстан» директоры Қазақстанға оралмаған. Оған Қазақстан полициясы халықаралық іздеу жариялады.
Сот отырысында айыпталушы Александр Музникас пен фирманың тағы бір қызметкері «Fly Қазақстанда» бейресми жұмыс істегенін мойындады. Олар жалақысын картаға аудару арқылы немесе Екатерина Савицкаядан алып отырғандарын жеткізді. Алайда әкімші қызметін атқарған Екатерина Савицкая бұл компанияда жұмыс істегенін мойындамай отыр. Ол Илья Ильичевпен достық қарым-қатынаста болғандықтан, тек әлеуметтік желілерді жүргізуге көмектескенін және ол үшін ақша алмағанын айтады.
Сондай-ақ нұсқаушылардың арнайы дайындығы және оқыту туралы тиісті сертификаттары болмағаны белгілі болды. 5 техник-нұсқаушылардың бірі Лев Глуховский жауап берді. Оның айтуынша, ол «Fly Қазақстанға» қызметкерлерді қабылдау туралы хабарландыру бойынша орналасқан. Илья Ильичевте екі айлық тағылымдамадан өткенін айтады. Бірақ арнайы білім алғаны туралы ешқандай құжатты қолына алмаған.
Оқиға былтыр 10 қазанда болды.