Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты соттың тағы бір қаулысы шықты
Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты соттың тағы бір қаулысы шықты
© inform.kz
Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды, - деп  хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
«Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. М. Төребаев пен М. Шерниязовқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 2 айға ұзартылды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты 10 күнге қамау туралы сот қаулысы өзгеріссіз қалған болатын.