Сарыағаштық инспектор ауыл әйелдерінің ақысын жеп қойды
Сарыағаштық инспектор ауыл әйелдерінің ақысын жеп қойды
282
оқылды
Сарыағаштық учаскелік инспектордың жылыжайынан қызанақ терген әйелдер еңбекақыларын ала алмай қалған. Ашынған жұмысшылар келісілген ақшаның орнына, полицейден қоқан-лоққы көрдік деп отыр. Еңбекақыларын ала алмай жүрген әйелдердің бейнежазбасын журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда жәшікке қатталған және тау болып үйіліп жатқан қызанақты көруге болады. Жалдамалы жұмысшылар өнімді учаскелік инспектордың жылыжайынан таңнан кешке дейін жинапты. Айтуларынша, жеме-жемге келгенде келісілген ақшаны инспектор бермей қойған. Керісінше өздеріне қарсы қоқан-лоққы көрсеткен. "Мынау - Берік деген Сарығаштың учаскелік инспекторының 40 сотық жылыжайы. Соның қызанағын азаннан кешке дейін тердік. Түске дейін 6 мың теңгеге келіскенбіз. Бірақ қызанақ көп шықты да кешке дейін бәрін теріп бітірдік. Енді қайтатын кезде 12 мың емес, 9 мың ғана беріп тұр. Қорқытып жатыр, «Быт-шытыңды шығарамын, ақшаңды бермеймін» дейді. Учаскелік полицейлер осылай істесе, не істеуге болады?!", - дейді бейнежазбадағы әйел. Әзірге бейнежазбадағы әйелдердің кім екені және инспектор Берік туралы нақты ақпарат жоқ.    
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Гүлмира Әбіқай (@gulmir_ktk)