Шығыс Қазақстанда 6 жасар бала бетон плитаның арасына қысылып қалды
Шығыс Қазақстанда 6 жасар бала бетон плитаның арасына қысылып қалды
Фото: ТЖД-нен алынды
324
оқылды
Оқыс оқиға Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында болған. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар бетон плиталардың арасында қысылып қалған 6 жасар баланы құтқарды. Көшеде ойнап жүрген бала бетон плиталардың арасына кіріп, кері шыға алмай қалған. «Ең алдымен плиталарды бөлшектеу үшін жүк тиегіш пен кранды шақырамыз деп ойладық. Бірақ бала қатты жылағандықтан, жүк тиегішке уақыт жұмсамайық деген шешім қабылдадық. 18-ӨСБ жүргізушісі Дархан Байғалиев пен «МҮ проект» кәсіпорнының шебері Азамат Дүзкеев бетонға қысылған баланы алып шықты», – деді құтқарушылар. Бұған дейін Өскеменде төрт жасар бала флягтан шыға алмай, кептеліп қалғанын жазған болатынбыз.