Халық референдумға ерікті түрде қатысып жатыр – Халықаралық байқаушы
Халық референдумға ерікті түрде  қатысып жатыр – Халықаралық байқаушы
©Радмир Фахрутдинов
386
оқылды
Палестинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Монтасыр Абузеид республикалық референдумға өз бағасын берді.
«Біз бүгін бірнеше сайлау учаскесіне барып, халықтың дауыс беру процесін бақыладық. Сайлаушылар өз еркімен келіп, ешқандай қысымсыз дауыс беріп жатыр. Бәрі де көтеріңкі көңіл күйде. Учаскелердің ешқайсысында құқық бұзушылық орын алмады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қазақ халқына тек жақсылық тілеймін», – деді Монтасыр Абузеид брифингте.
Бұған дейін Халықаралық Түрік академиясы өкілдерінің референдумға қатысты білдірген пікірін жариялаған болатынбыз. Сондай-ақ Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бекматов Әбдіжаппар және Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының жұмыс тобы өкілі Баротзода Файзулло елімізде өтіп жатқан референдумға өз бағасын берген еді.