Абай, Жетісу, Ұлытау облысында көлік нөмірлері қандай болады?
Абай, Жетісу, Ұлытау облысында көлік нөмірлері қандай болады?
Фото: m.yk-news.kz
Жаңадан құрылған Абай, Жетісу, Ұлытау облысында берілетін автокөліктің аймақтық нөмірлері жарияланды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Көлік нөмірі өңірлік кодтар қазақ әліпбиінің тәртібімен беріледі. Жаңадан құрылған үш облыста автокөліктердің өңірлік коды:  Абай облысы – 18, Жетісу облысы – 19,Ұлытау облысына 20 деп беріледі. Ескере кететін  жайт, үш аймақта көліктегі бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.