Көшеге сапасыз шам орнатқан «Жайық Жарығының» директоры сотталды
Көшеге сапасыз шам орнатқан «Жайық Жарығының» директоры сотталды
Фото: 33mayak.ru
6,402
оқылды
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Атырау облысында «Жайық Жарығы» ЖШС директорына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. 2019 жылы компания басшысы Атырау облысы Құлсары қаласын жарықтандыру үшін 150 миллион теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу бойынша тендердің жеңімпазы болып танылды. Бірақ ол заңнама талабын бұзып, келісімшартта көрсетілген міндеттерді орындамаған. Құжатта көрсетілген жарық шамдарының орнына сапасы нашар шам алған. Мемлекеттік бюджетке 4 млн теңгеден астам залал келтірген. Сот үкімімен аталған серіктестік басшысы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл бас бостандығынан айырылды. ҚК-нің 63-бабының негізінде шартты жаза деп есептеледі.