Былтыр қаржылық мониторинг агенттігі 23 келіге тарта әртүрлі есірткі тәркіледі
Былтыр қаржылық мониторинг агенттігі 23 келіге тарта әртүрлі есірткі тәркіледі
309
оқылды
 2021 жылы Қаржылық мониторинг агенттігі 22 кг 734 гр әртүрлі есірткі контрабандасының 28 фактісін анықтады, - деп хабарлады ведомство.
"Ағымдағы жылы құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, есірткі контрабандасына қатысты 14 факті анықталды. Заңсыз айналымнан 2 кг 200 гр әртүрлі препараттар шығарылды", - деп жазды агенттік.
Қаржылық мониторинг агенттігі ел азаматтарының денсаулығына зиян келтіретін қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.